Жиделі ауылдық округі әкімдігінде Құқықтық кабинет ашылды.

Жиделі ауылдық округі әкімдігінде Құқықтық кабинет ашылды.
ХАБАРЛАНДЫРУ‼ Жиделі ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында «Құқықтық кабинет» жұмыс істейді. Ауыл тұрғындары осы кабинетке келіп, құқықтық сауаттылығын арттыру, әртүрлі бағыттар бойынша өздерінің заңды құқықтарын қорғау және қорғаудың құқықтық құралдары туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасын өз бетінше зерделеу дағдыларын игеріп, құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алу мүмкіндігі бар. Жұмыс уақыты: Дүйсенбі – жұма күндері сағат 08:00–17:30 аралығында Мекенжайы: Жиделі ауылы, Жамбыл көшесі, №7 Байланыс телефоны:87277392646