Аудан әкімі Құтпанбетов Азат Үкітайұлының ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті. Желтораңғы ауылдық мәдениет үйінде өткен кездесуге Алматы облысы әкімінің орынбасары Батанов Алмас Сұлтанұлы қатысты. Сондай-ақ, басқармалар басшылары мен өкілдері, аудан активі, мекеме-бөлім басшылары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты. Аудан әкімі А.Құтпанбетов өз баяндамасында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы кеңінен тоқталды. Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан ауыз су, табиғи газ кіргізу, көше жарығы, жол жөндеу, денсаулық, сақтау және ауылға қажетті мәселелер төңірегінде сұрақтар қойылды.