9 желтоқсан 2022 жылы Желтораңғы ауылдық мәдениет үйінде "Қыран елім- Қазақстан" атты мекемелер арасында патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауға әкімшілік, Күрті орман шаруашылығы, мектеп ұжымы, ФАП, кітапхана, бала- бақша қызметкерлері қатысты. Байқау тартысты өтті. І орын әкімшіліктен жастар жетекшісі Жаңабек Ләззат, ІІ орын мектеп ұжымы, ІІІ орын кітапханашылар иеленді. Қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.