
2026 жылдың 12 қаңтарында Кеңес Одағының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ халқының ұлы тұлғасы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толуына орай Желтораңғы ауылында еске алу шарасы өтті.
Іс-шара аясында ауыл тұрғындары Д.А. Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тұлғаның ел тарихындағы рөлін үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар қатысушыларға Д.А.Қонаев атындағы мұражайға шолу жасалып, оның өмір жолы мен ел дамуына қосқан үлесі жайлы мағлұматтар ұсынылды.