Аэродромная көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Аэродромная көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Ауыл инфрақұрылымын жақсарту мақсатында Аэродромная көшесінде тас жол төсеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.Жөндеу жұмыстары аясында биылғы жылы тас жолдың негізі жасалынып, 2026 жылы асфальтбетон төселеді. Қазіргі таңда арнайы техника мен жұмысшылар жұмылдырылып, құрылыс белгіленген мерзімде аяқталуы жоспарлануда.Жол жөндеу жұмыстары кезінде жүргізушілер мен тұрғындардан түсіністік танытып, уақытша қолайсыздықтарға сабырлықпен қарауды сұраймыз. Бұл шаралар – болашақтағы жайлы өмір үшін жасалып жатқан маңызды қадам.