Алматы облысының Полиция департаменті мен облыстық цифрландыру басқармасының қолдауымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында Топар ауылында «Қоғамдық қауіпсіздік» бейнебақылау жүйесі іске қосылды. Бейнебақылау камералары ауылдағы қауіпсіздікті арттырып, құқық қорғау органдарына құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және оларға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бағытында атқарылып жатқан бұл шаралар тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуға және қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді. Жалпы, Топар ауылы бойынша бойынша 9 бейнебақылау жүйесі орнатылады.