Қарттарым-асыл қазынам!

Қарттарым-асыл қазынам!

Миялы ауылдық округінде қарттар мерекесіне орай Қарттар – біздің асыл қазынамыз атты мерекеліс іс-шара мен мерекелік дастархан жайылып қарттарымызға сый,құрмет көрсетілді.

Бұл мереке - ата жолын жалғап келе жатқан асқақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің келіп жеткен мерекесі. Осы өмір жолында барлығымызға қатысы бар мерейлі шақ. 

1-қазан күні біз ел болып Қарттар күні мейрамын тойлаймыз. Асылы, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан келе жатқан қасиет-салтымыз. Қарттары бар ел - қазыналы ел. 

Ендеше, көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп, қай кезде де халқына - сүйеу, жұртына қамқор боп, жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей, балалары мен немерелерінің қызығып көріп, аман-сау күн кешкей.