
Қазақстан Республикасындағы 2023–2029 жылдарға арналған тіл саясатын дамытудың тұжырымдамасы аясында «Балқаш қаласының тілдер орталығы» КММ 2025 жылы мемлекеттік тілді ұзақ және қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары бойынша 280 тыңдаушыны оқытты.
Ағылшын тілі курстары бойынша 180 тыңдаушы білім алып, оқуын аяқтады.
2024 жылдан бастап орталықта түрік тілін оқыту топтары ашылды. Нәтижесінде 42 тыңдаушы сертификат алды, ал 2025 жылы курсты 31 тыңдаушы аяқтайды.
Қазақ тілін үйренушілер үшін орталықта «Маржан сөз» клубы, ал ағылшын тілін үйренушілер үшін «English Time» клубы жұмыс істейді.
Сөйлесу клубтарына тіркелу және тіл үйрену курстарына қатысу толығымен тегін жүзеге асырылады.
Қаламыздың ересек тұрғындарын тіл үйренуге шақырамыз!