Тегін тіл оқыту курстарына қош келдіңіз!

- Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде «Балқаш қаласының тілдер орталығы» КММ 2025 жылы мемлекеттік тілді ұзақ және қысқа мерзімді оқыту бойынша 280 тыңдаушы оқытты.
- Ағылшын тілі бойынша 180 тыңдаушы оқып, аяқтайды.
- 2024 жылдан бері орталықта түрік тілін оқыту топтар ашылып, 42 тыңдаушы сертификаталса, 2025 жылы 31 тыңдаушы курсты аяқтайды.
- Орталықта қазақ тілін үйренушілер үшін «Маржан сөз» клубы, ағылшын тілін үйренушілерге «English time» клубтары жұмыс жасайды.
- Сөйлесу клубтарына тіркелу, тіл үйрену курстары барлығы тегін түрде жүзеге асады. Қаланың ересек тұрғындарын тіл үйренуге шақырамыз.