
Балқаш қаласының намысын облыстық «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауында қорғаған Халық банктің менеджері Лагутин Руслан Сергеевич жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Алғыс хатпен марапатталды! 👏
🌟 Байқаудың мақсаты:
— мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау;
— тыңдаушылардың қазақ тілін үйренудегі қабілеттерін ынталандыру;
— өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.
📌 Байқау үш кезеңнен тұрды:
1️⃣ «Сәлем – сөз анасы» — қатысушылар өзін қазақ тілінде таныстырып, сөз саптауы, сахналық мәдениеті мен шығармашылығы бағаланды.
2️⃣ «Білгенге маржан» сұрақ-жауап — Қазақстан, Тәуелсіздік, дәстүрлер туралы сұрақтарға жауап беру кезеңі.
3️⃣ «Ата – салтым, асыл қазынам» — мемлекеттік тілді қолдана отырып қазақтың салт-дәстүрін сахналық түрде көрсету.
Руслан Сергеевич барлық кезеңдерді абыроймен аяқтап, қаламыздың намысын жоғары деңгейде қорғады.
🇰🇿 Мемлекеттік тілге деген құрметі мен үлкен дайындықпен келген еңбегі үшін алғыс айтамыз!
Жетістіктеріңіз көбейе берсін!