
Құйған ауылдық округінде тұрғындар үшін үлкен қуаныш пен маңызды оқиға орын алды – жаңа заманауи саябақ ашылды. Бұл саябақ ауыл халқының бос уақытын тиімді өткізуіне, денсаулықты нығайтуына және балалардың қауіпсіз ойын алаңына ие болуына бағытталған.
Саябақ аумағында:
жаттығу алаңы – тұрғындардың спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді;
футбол алаңы – жасөспірімдер мен жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, командалық ойындарды дамытуға жағдай жасайды;
балалар алаңы – ең кішкентай тұрғындарға арналған қауіпсіз әрі заманауи ойын кеңістігі.
Жаңа саябақ – Құйған ауылдық округінің көркін арттырып қана қоймай, ауыл тұрғындарының бір-бірімен қауышатын, спортпен шұғылданатын және жайлы демалатын ортақ орнына айналады.