31-желтоқсан «Төрлет жаңа жыл» атты мерекелі кеш өтті. Шара барысында ауыл әкімі ауыл тұрғындарын жаңа жылмен құттықтай отырып, жыл үздіктерін марапаттады, үздік безендіру номинациясымен ФАП мекемесі марапатталды. Мерекелік кеште мекемелер өз өнерлерін көрсетіп, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.