Ағымдағы жылдың 21 қараша күні аудан әкімі Құтпанбетов Азат Үкітайұлы Көктал ауылдық округіне арнайы келіп, белгіленген кестеге сәйкес жергілікті халықпен кездесу жиынын өткізді.
Шалғай ауылдарға ат басын бұрған аудан әкімі өзінің іссапар барысында жергілікті тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелердің назарға алынып, барлық айтылған ұсыныс-пікірлердің шешілу жолдары қарастырылып, олардың дер кезінде орындалуы бақылауға алынатынын айтты.
Ауыл тұрғындары да аудан әкімінің атқарып жатқан жұмыстарына оң баға беріп, арнайы келіп кездесу өткізгеніне ризашылықтарын білдірді.