1 қазан - Халықаралық қарттар күні

1 қазан - Халықаралық қарттар күні

Көктал ауылында 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Салтанатты шараға ауыл әкімі А.Огизбаев барша ауылдың қарияларын мерейлі мерекелерімен құттықтады. Қарттықты құрметтеу және үлгі тұту, қарт адамдардың сіңірген еңбектерін ескеріп зейнет жасына шыққан қарттарды алғыс хаттармен марапаттады. Салтанатты шара ауылдың демеушілерінің ұйымдастырған мерекелік дастархан мәзірімен жалғасын тапты.