Аудан әкімінің Желтоқсан оқиғасының қатысушысын құттықтауы

Аудан әкімінің Желтоқсан оқиғасының қатысушысын құттықтауы

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мерекесі құрметіне ауданымыздың Желтоқсан оқиғасына қатысушысы Жапарова Гүлназ Сейсебайқызына аудан әкімі Құтпанбетов Азат Үкітайұлы арнайы құттықтауын жолдап, олардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлігі мен батылдығына құрмет білдірді. Желтоқсаншылардың өр рухы - бүгінгі ұрпақ үшін еркіндік пен мемлекеттіліктің мәнін айқындайтын үлгі. Тәуелсіздігіміз тұғырлы да мәңгі болсын!