
Аудан әкімі Азат Құтпанбетов Бақанас ауылдық округі тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл тұрғындары ауыл ішіндегі жол, көше жарығы, ауылды суландыру сияқты бірқатар мәселелерді көтерді. Бұл мәселелердің шешілу жолдары қарастырылып, бақылауға алынды.