Балқаш ауданы,Ақкөл ауылдық мәдениет үйі және Ақкөл ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "Ауғанның асуында от кешкендер ерлігі жадымызда" атты дөңгелек үстел мектеп оқушыларымен өтті. Мақсаты:Еліміздің ауған соғысы ардагерлерінің мерекелерін атап өту қарсаңында «ауған ақиқатында» және де «Кешегі ауған соғысының бүгінгі саяси салдар» тарихына шолу жасау. Оқушыларымызды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттау. Отанды, елін сүю, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық сана, ұлттық болмысымызды қалыптастыру, әсіресе ұлттық намыс, ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру, дағдыландыру.