
Астана қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының ұйымдастыруымен «Бала үні» атты кездесу өтті.
Кездесуге Астана қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Бимендина Әсима Темкеқызы, Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Әділбай Серік Тәукеұлы, Астана қаласы мәслихатының депутаттары Қасымбергебаев Бауыржан Тілеубергенұлы, Ажикенова Мадина Берікболқызы, Мағзұм Арсланбек Талғатұлы мен қоғам өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар баланың тұлға ретінде қалыптасуындағы отбасы мен қоғамның рөліне, сондай-ақ жас ұрпақтың азаматтық белсенділігін арттырудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алып, дамуына жағдай жасау-мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті екені атап өтілді.
Кездесу аясында оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді. Балалардың бастамалары мен пікірлері назарға алынып, олардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейту және мерекелік күннің мәнін арттыру қажеттігі айтылды.
Іс-шара Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған рухани-танымдық мазмұндағы маңызды алаңға айналып, жас ұрпақтың құқықтарын қорғау мен олардың үнін естудің өзектілігін айқындады.