2026 жылдың 23 қаңтарында «Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» ММ өз қызметін бастады.

2026 жылдың 23 қаңтарында «Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» ММ өз қызметін бастады.

2026 жылдың 23 қаңтарында «Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» ММ өз қызметін бастады. Бұл әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау және әл ауқатын арттыруды негізгі мақсат еткен мемлекеттік мекеме.

Басқарма басшысы — Әділбаев Серік Тәукеұлы.

Бүгінде балалардың құқықтарын қорғау, тек мемлекеттің міндеті ғана емес, бүкіл қоғамның маңызды жауапкершілігі. Басқарма азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және кәмелетке толмағандарға уақтылы көмек көрсетуге бағытталған жүйелі жұмысты жүзеге асырады.

Ерекше назар мемлекеттік мекемелермен өзара іс қимылға және әрбір бала өзін қауіпсіз әрі қорғалған сезінетін орта қалыптастыруға аударылады.

Егер сіз баланың құқықтары бұзылған жағдайға куә болсаңыз, бей жай қарамаңыз. Сіз басқармаға жүгініп, қажетті көмек ала аласыз.