ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ЖАНЫНДАҒЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ II ОТЫРЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ЖАНЫНДАҒЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ II ОТЫРЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бас Прокуратура, ІІМ, ТЖМ, ҒЖБМ, МАМ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау министрлігі, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның II отырысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан атап өткендей, өңірлерде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

«Бұған дейін Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мектепішілік есепке алуды жүргізудің әдістемелік ұсынымдарын әзірлеп, бекіткен болатын. Олар мектептерге баса назар аударуды және көмек көрсетуді қажет ететін балаларды анықтау мақсатында ұсынылады. Мектепішілік есепте тұрған әрбір балаға қосымша сабақтар ұйымдастыруды, баланың шығармашылық, спорттық әлеуетін ашуды, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтитын жан-жақты көмек көрсетіледі», - деді Еділ Оспан.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын биылғы жылдың 9 айында мектепішілік есепті жүзеге асырудың нәтижелерімен бөлісті. Оның айтуынша, өңірде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар санының азаюы бойынша оң динамика байқалады.

Өз кезегінде ведомствоаралық комиссияның төрағасы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарға ден қою жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейтуді тапсырды.

«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың ментальді денсаулығы мен дамуын қорғау, суицидтерді болдырмау және кәмелетке толмағандар арасында буллингтің алдын алу мақсатында дәйекті қадамдарды жүзеге асыру үшін ортақ күш-жігерді біріктіру қажет. Бүгінде барлық мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес секторды, стейкхолдерлерді, сондай-ақ ата-аналар мен балалардың өздерін тарта отырып, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды уақытылы анықтау жүйесін дамыту маңызды», - деп атап өтті Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша балалардың құқықтарын қорғауға тікелей байланысты барлық мәселелерге қатысты ұсынымдар әзірленді.