2021 жылғы 20 қазан мен 20 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «БАРЛЫҒЫ балалар ҮШІН» республикалық акциясы шеңберінде бірқатар іс-шаралар циклі өткізілді.

2021 жылғы 20 қазан мен 20 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «БАРЛЫҒЫ балалар ҮШІН» республикалық акциясы шеңберінде бірқатар іс-шаралар циклі өткізілді.

Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерекше назар аударылды. Акция барысында республика бойынша барлығы ​ 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 3 млн. астам бала мен студент жастарды қамтылды.

​Мереке қарсаңында 2021 жылғы 19 қарашада орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің, ЮНИСЕФ Балалар қорының, Экономикалық зерттеулер институтының, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлерінің, өңірлердегі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері директорларының орынбасарларының, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының өңірлік білім басқармалары мамандарының, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің педагогтері мен балалар өкілдіктері өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

​Брифинг барысында ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті директорының орынбасары Олжас Ермекұлы Ысқақов ​ балалардың құқықтарын сақтау, кедергілер мен басымдықтар туралы қызықты ұсыныстармен ​ «Қазақстан Балалар қоры»​ Қоғамдық қорының басшысы Эльвира Сағитқызы Ватлина сөз сөйледі.

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Балалар өкілдігінің өкілі, Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы №49 ОМ 9 сынып оқушысы Дәрия Тұрарқызы құрдастарының атына құттықтау сөз сөйледі. Дария өз сөзінде барлық балаларды ел өміріне белсенді қатысуға және 20 қарашада ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің балалар өкілдіктерінің ІІ республикалық слетіне қатысуға шақырды.

​ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Есенғазы Нұртөлеуұлы Иманғалиев өзінің қорытынды сөзінде еліміздің барлық балаларын балалық шақ мерекесімен және өңірлердегі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері директорларының орынбасарларын мерейтойымен құттықтады.

​ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ашық диалогқа қатысқаны үшін барлығына алғыс білдіреді.