«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ БІЛІМ БЕРУ    БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ

2021 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың төрағалығымен «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтті.

Жиын барысында Республикалық кеңес мүшелері «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы: жетістіктері мен болашағын талқылады.

«Ұлттық үйлесімді даму институты» КЕАҚ президенті Е. Н.Сәкенова қазіргі кезеңде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асырудың өзекті міндеттері туралы айтып берді.

Шымкент қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша білім басқармалары жанындағы өңірлік жұмыс топтарының қызметі және пәнді оқытудың жай-күйі мәселелері қаралды. Сондай-ақ ТжКБ мен ЖОО-да өзін-өзі тану пәнін оқытудың барысы туралы ақпарат тыңдалды.

Бүгінгі таңда өзін-өзі тану мұғалімдеріне балаларды адамгершілік-рухани құндылықтарға баулудың ерекше миссиясы берілген. Олардың қызметі әрбір білім беру ұйымында біртұтас адамгершілік-рухани кеңістікті қалыптастырудың ортақ мақсаттарымен біріктірілген мұғалімдердің, балалар мен ата-аналардың бірыңғай қауымдастығын құруға негізделген.

Кеңес отырысында білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері жаңа награда – Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен енгізілген Министрліктің «Мейірім – Әлемге Махаббатпен» ведомстволық медаліне ие болды.

Кеңес қорытындысы негізінде «Өзін-өзі тану» бағдарламасын іске асыру бойынша базалық және пилоттық білім беру ұйымдарының желілік өзара әрекеттестігін ұйымдастыру туралы ұсыныстар енгізілді.