Кеңес барысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы білім беру жүйесінің өзара іс-қимыл алгоритмі талқыланды.

Кеңес барысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы білім беру жүйесінің өзара іс-қимыл алгоритмі талқыланды.

Бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б. Асылованың төрағалығымен онлайн режимде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың басшыларымен, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың өкілдерімен кезекті кеңес өткізілді.

Кеңес барысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы білім беру жүйесінің өзара іс-қимыл алгоритмі талқыланды.

Қазіргі уақытта барлық білім беру ұйымдарында жетім балаларға көмек көрсету бойынша өзара тығыз іс-қимыл жолға қойылған. Орта, кәсіптік-техникалық және жоғары білім берудің әрбір мекемесінде оларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіледі.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында жетім балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және балалар үйлерінің түлектерін интернаттан кейінгі сүйемелдеу бойынша нақты ведомствоаралық өзара іс-қимыл жұмыс істейді. Бұл алгоритмдегі негізгі орган-қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органдар, білім басқармалары мен бөлімдері.

Бибігүл Амангелдіқызы өз сөзінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жетім балаларды оқыту бойынша Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис колледжі қызметінің тәжірибесі мен олардың оң тәжірибесін тарату қажеттілігін ерекше атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар жетім балалардың құқықтарын қорғау, тәрбиелеу және одан әрі өзін-өзі табысты іске асырумәселелері бойынша пікір білдіріп, ұсыныстармен алмасты.