Кеңес барысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерінің қызметі мәселелері талқыланды.

Кеңес барысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерінің қызметі мәселелері талқыланды.

Бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б. Асылованың төрағалығымен онлайн режимде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың басшыларымен, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың өкілдерімен кезекті кеңес өткізілді.

Кеңес барысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерінің қызметі мәселелері талқыланды.

Қазіргі уақытта жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық білім беру ұйымдарында мемлекеттік-қоғамдық басқаруды қамтамасыз етуге және нақты міндеттерді шешуге арналған
Қамқоршылық кеңестер жұмыс жасауда.

Балалар үйлерінің қамқоршылық кеңесі мүшелерінің қызметі балалар үйін дамытуға, тәрбиеленушілерді Кәсіптік оқыту міндеттерін шешуге, олардың нақты қолдау алуына, сондай-ақ бітірушілерді интернаттан кейінгі сүйемелдеуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Бибігүл Амангелдіқызы өз сөзінде Шығыс қазақстан облысы «Үміт» балалар үйі қамқоршылық кеңесінің жұмыс тәжірибесін айтып, олардың оң тәжірибесімен бөлісу қажеттігін ерекше атап өтті.

Балалар үйлеріндегі қамқоршылық кеңестер институтын дамытуда жұртшылық пен үкіметтік емес ұйымдар үлкен рөл атқарады. Осылайша, «Koldau білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңестері» қоғамдық бірлестігі балалар үйіндегі балалар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қатысты тәлімгерлік практикасын енгізу бойынша «Birgemiz: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасын іске асыруда.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар жетім балалардың құқықтарын қорғау, тәрбиелеу және одан әрі өзін-өзі табысты жетілдіруді іске асыру мәселелерінде ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде пікір білдіріп, ұсыныстар алмасты.