«Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды анықтау және алып жүру кезінде психологиялық қызметтердің жұмысын ұйымдастырудағы проблемалық мәселелер мен шешу жолдары»

«Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды анықтау және алып жүру кезінде психологиялық қызметтердің жұмысын ұйымдастырудағы проблемалық мәселелер мен шешу жолдары»

2021 жылғы 11 тамызда білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі шеңберінде «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды анықтау және алып жүру кезінде психологиялық қызметтердің жұмысын ұйымдастырудағы проблемалық мәселелер мен шешу жолдары» семинар-тренинг өткізілді.

Семинар жұмысында БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының, ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының, "Қазақ психологиялық қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігінің, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, ​ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері сөз сөйледі.

Семинар-тренинг барысында қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды анықтау кезінде психологиялық қызметтердің жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды, оларды шешу осы қызметтер жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіндігі жөнінде сөз қозғалды.

Семинар-тренингтің модераторы, Балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Д.Жекебаев өзіне-өзі қол жұмсау, зорлық-зомбылық және қатыгез қарым-қатынас, буллинг және балаларға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алу бойынша психологиялық қызметтердің жұмысын күшейту, сондай-ақ балалармен жұмыс істеуде жаңа тәсілдерді, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің қызметіне бірыңғай талаптарды әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Сақтағанов Б.К., Ы.Алтынсарин Ұлттық академияның жетекші сарапшысы, Академия жанынан құрылған Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының қызметі психологиялық қызметтердің жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.

ҚР ДСМ РҒППДО бас директоры Н.А. Негай психикалық денсаулықты нығайту, балалардың психологиялық саулығын арттыру бойынша алдын алу шараларын, психикалық денсаулықты жақсарту стратегиясын ұсынды. Негай Н. А. «Жасөспірімдердің өркендеуіне ықпал ету» әдістемелік материалдарының НАТ - жинағына және балалардың психоэмоционалды мінез-құлқындағы негізгі қорғаныс факторлары мен қауіп факторларына жеке тоқталды.

Гумилев атындағы ЕҰУ өкілдері ​ білім беру процесінде қолайлы психологиялық орта құрудың әдістері мен тәсілдері және қиын өмірлік жағдайдағы баланың психологиясының ерекшеліктері, балалармен психокоррекциялық жұмыс жүргізу туралы атап айтты.

Практикалық бөлімде Алматы, Қарағанды Солтүстік Қазақстан облыстарының өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға көмек көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін педагог-психологтер мен мамандарға әдістемелік қолдау көрсету бойынша тәжірибесі көрсетілді.

Семинар барысында Қарағанды облысында іске асырылатын "HR+" автоматтандырылған психологиялық-педагогикалық мониторинг жүйесінің тұсаукесері өтті. Бұл бағдарлама педагог-психологтердің жұмысын жүйелендіруге ықпал етеді және психологтер жұмысының тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ететіндігін көрсетті.

«Жанұя» ҚҚ басшысы А.К. Есімбековамен кәмелетке толмағандарды психологиялық қолдау кезіндегі кешенді тәсіл және кешенді тәсілді қамтамасыз ету үшін қолданылатын құралдар ұсынылды. Қатысушылардың ерекше назарын авторлық бағдарламаларға және «Ресурс» автоматтандырылған жүйесіндегі психологтің жеке кабинетіне аударды.

Семинар жұмысына білім басқармалары мен бөлімдері басшыларының орынбасарлары, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшылары, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері директорларының орынбасарлары, білім басқармалары мен бөлімдерінің мамандары (әдіскерлері), білім беру ұйымдарының педагог-психологтеры, әлеуметтік педагогтері қатысты.

YouTube және FB арналары арқылы секцияның жұмысына кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық, қалалық комиссиялардың хатшылары, білім бөлімдерінің мамандары (әдіскерлері), 7 652 педагог-психолог, 4159 әлеуметтік педагог қатысты.

Іс-шарамен қамту 25 мыңнан астам адамды құрады.