Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау сәтінен бастап - 1994 жылдан бастап орындау жөніндегі міндеттемелерді іске асырады.

ҚР «Бала құқықтары туралы» Заңының 46 бабына сәйкес жыл сайын Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама шығарылады. Баяндама Министрліктің тапсырысы бойынша ҮЕҰ өкілдерімен жағдайды жан-жақты және объективті талдау үшін дайындалады.

Баяндама ресми статистикалық деректер, ахуалды талдамалық шолу және жұртшылықтан, оның ішінде балалардан пікіртерім алу нәтижелері негізінде қалыптастырылады.

Баяндама мына мәселелер бойынша ел балаларының жағдайын талдаумен танысуға мүмкіндік береді:

- денсаулық және қауіпсіздік;

- оқыту, тәрбиелеу, демалыс және бос уақыт;

- әлеуметтік қолдау және жан-жақты дамуға қол жеткізу.

Баяндамада мынадай сұрақтар көрсетілген:

- өткен жылғы Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы дамыту;

- Бала құқықтары туралы конвенцияны және басқа да халықаралық шарттарды орындау;

- балалық шақ саласындағы халықаралық тәжірибе;

- бала құқықтарын сақтау саласындағы жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар.

Баяндамамен толық көлемде ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің сайтында таныса аласыз.

https://www.gov.kz/memleket/entities/bala/documents/details/44230?lang=kk