2021 жылы жазғы сауықтыру лагерлерінің жұмысы туралы

2021 жылы жазғы сауықтыру лагерлерінің жұмысы туралы

Баланы балалар лагеріне жіберумен қатар, ата-аналардың көпшілігі олардың қауіпсіздігі туралы алаңдаушылық танытады. Жазғы лагерьде балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету үшін 2021 жылы ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17 қаулысына сәйкес балаға лагерге келу кезінде келесі міндетті құжаттар ұсынылуы тиіс деген шартпен стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының жұмысына рұқсат етілді:

баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама (086/у нысаны),

жұқтырған аурулармен, оның ішінде COVID -19 бойынша байланыстың жоқтығы туралы анықтамалар,

келуден кемінде 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі бар құжат.

Ұқсас талаптар персоналға рұқсат беруге де қойылады.

Жедел деректер бойынша қала сыртындағы 235 лагерь ашылады деп жоспарлануда.

Бүгінде лагерьлерде конкурстық рәсімдер өткізіліп, уәкілетті органдардың қорытындылары дайындалуда. Жазғы сауықтыру лагерлерін ашу туралы шешім эпидемиологиялық жағдайға байланысты әр өңірде жеке қабылданатын болады.

Өңірлерде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жеңілдікті санаттағы балаларды ПТР тестілеу туралы шешім қабылданды.