Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық

1980 жылғы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Конвенция шеңберінде ҚР БҒМ-ге 2018-2020 жылдары балаларды қайтару мәселесі бойынша Қазақстанның 31 азаматы жүгінді. Осы кезеңде 20 бала қайтарылды.

Бұл мәселеде әдістемелік қолдау көрсеткендер: Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясы, IRZ халықаралық құқықтық ынтымақтастық Германия қоры, Германия Федералдық Әділет ведомствосы. Олардың қатысуымен ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Бас прокуратурасы, Білім, Сыртқы істер, Ішкі істер, Әділет министрлігі өкілдеріне, ювеналды сот судьялары, прокуратура, ішкі істер, білім органдарының қызметкерлеріне арналған бірқатар халықаралық семинарлар өткізілді.

Бүгінгі таңда IRZ қоры:

-процестік-құқықтық базаны қоса алғанда, тәуелсіз және жұмысқа қабілетті әділет қалыптастыру процесінде әріптес мемлекеттерге қолдау көрсету;

- 30-дан астам елде заңнама және оқыту мен біліктілікті арттыру саласындағы консультативтік қызметтер.