Басты балалар мерекесі Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, түрлі іс-шаралармен атап өтілді.

Басты балалар мерекесі Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, түрлі іс-шаралармен атап өтілді.

Халықаралық балаларды қорғау күніне «Бақытты бала – бақытты ел» республикалық акциясы шеңберіндегі іс-шаралар циклі арналған болатын.

Акцияның мақсаты - мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру және олардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне қоғамның назарын аудартудағы күш-жігерін біріктіру.

Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға айрықша назар аударылды.

Республиканың барлық өңірлерінде түрлі конкурстардың, олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын құрметтеу, онлайн челлендждер, балалардың өңір әкімдерімен кездесулері, тәтті сыйлықтар тарату, балалар үшін қоғамдық көлікте тегін жол жүруді ұйымдастыру, мұражайларға, саябақтарға, спорттық объектілерге бару және т. б. өтті.

Мысалы, Шымкент қаласында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 6000 балаға бір рет 14500 теңгеден төленді, 4 мектептегі үздік спорт командаларына демеушілер есебінен жалпы сомасы 80 млн.теңгеге ақшалай сыйақы берілді. ШҚО-да 100 дарынды балаға грамоталар, ноутбуктер, планшеттер және смарт сағаттар берілді. Түркістан облысында 200 жетім балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар Керуен Сарай ойын-сауық орталығында болды. Оларға Франция мен Қазақстанның каскадерлерінің қатысуымен «Қыз қуу» атты шоу тегін көрсетілді.

Халықаралық балалардың құқықтарын қорғау күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл А.Саин, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э. Әзімованың қатысуымен Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша балалар өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында республиканың барлық өңірлерінен келген 288 көшбасшы бала балалар өкілдерінің әнұранын ұсынды, сондай-ақ өздерініғ ерекше белгілерін (төсбелгі мен куәлік) алды.

31 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл А.Саин және балалардың қатысуымен ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің брифингі өтті. Брифинг барысында балалар өздерін толғандырған сұрақтарды мемлекеттік орган өкілдеріне және Бала құқықтары жөніндегі уәкілге қоя алды.

1 маусымда балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері Нұр-Сұлтан қаласының «Үркер» шағын ауданындағы 80 баланы қамтып отырған аула клубына барды. Клубты қолдау алдағы уақытта да жалғасын табады.

Барлық өңірлерде білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері директорлары орынбасарларының қатысуымен брифингтер өткізілді.

Айтулы күні балаларды белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері құттықтады. Мерекелік іс-шаралар БАҚ-та кеңінен жарияланды.

Республика бойынша барлығы 1 маусымда 4 млн. астам бала мен студент жастарды қамти отырып, жергілікті жерлерде 1500-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың осынау тамаша мерекесіне қатысып, қолдау көрсеткен барлығына алғыс білдіреді.