Ұлы Жеңістің 76 жылдығына арналған акция

Ұлы Жеңістің 76 жылдығына арналған акция

ОТАНЫМНЫҢ ТАРИХЫ – ОТБАСЫМНЫҢ ТАРИХЫ

Ұлы Жеңістің 76 жылдығына арналған акция

Қымбатты достар!

Ұлы Отан соғысы әр отбасының тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз!

Ұмытпаймыз! Мақтан тұтамыз! Құрметтейміз!

Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу қарсаңында біз «Менің Отанымның тарихы – менің отбасымның тарихы» атты акциясын жариялаймыз.

Отбасылық мұрағаттардан тарихи суреттерді #ұмытпаймыз_мақтан етеміз атты хэштегпен орналастыруыңыз қажет.

Достарыңызға ата-әжелеріңіз бен Отанымызды майданда, тылда жанқиярлықпен қорғаған батырлар туралы айтып беріңіз.

Отбасылық мұрағаттағы Соғысқа дейінгі, соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі уақыттағы фотосуреттермен🎞, фотосуреттің оқиғасымен бөлісіңіз.

9 мамыр күні біздің батыр тұлғалардың фото суреттері Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің әлеуметтік желілерінің «Ұмытпаймыз! Мақтан тұтамыз! Құрметтейміз!» фото галереясында жарияланады.

Құрметті оқушылар, студенттер, ата-аналар, ұстаздар!

Ата-бабаларымыздың ерлігін мақтанышпен құрмет тұтып бірлесе жариялайық.