БҮГІН ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ЖЕТІМ ЖӘНЕ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗЕКТІ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ.

БҮГІН ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ЖЕТІМ ЖӘНЕ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗЕКТІ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ.

Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылова өз сөзінде баланы отбасында әсіресе туған отбасында тәрбиелеу оның қажеттіліктері мен мүдделеріне барынша толық жауап беретінін жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуының негізі болып табылатынын атап өтті. Балалардың туыстарымен жұмыс істеу үлкен назар аударуды қажет етеді. Әдетте, баланы өз отбасында тәрбиелей алатын ата-әжелері, аға-әпкелері немесе аға-інілері болады.

Отбасына қайтару мүмкін болмаған жағдайларда баланы оны қабылдайтын отбасына тәрбиелеуге беру жөнінде шаралар қабылдау қажет. Бірақ бұл жағдайда да белгілі бір қауіптер бар, өйткені әр отбасы баланы қабылдауға және оған барлық қажетті жағдайларды жасауға дайын емес.

Осыған байланысты, 2020 жылдың шілдесінен бастап әлеуетті асырап алушы ата-аналарға арналған психологиялық дайындық курстары енгізілді. Бұл курстарды балалар үйлері, сондай-ақ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі аккредиттелген ұйымдар жүргізеді.

Осылайша, балалар үйінде психологиялық дайындықты ұйымдастыру жүргізілген 10 ай ішінде 2655 әлеуетті асырап алушы ата-ана оқудан өтті.

Қазіргі уақытта жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 52 білім беру ұйымдарында 1382 әлеуетті асырап алушы ата-анаға 128 жаттықтырушы психологиялық даярлау жұмыстарын жүргізуде.

Бұл жағдайда балалардың жақын туыстары психологиялық дайындықтан өтудің қажеті жоқ.

Балалар үйлерінің әлеуетті асырап алушы ата-аналардың психологиялық дайындығын ұйымдастыру мониторингі министрліктің тұрақты бақылауында.