«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ БІЛІМ БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ БІЛІМ БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

2021 ЖЫЛҒЫ 28 СӘУІРДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ А.АЙМАҒАМБЕТОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ БІЛІМ БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. ОТЫРЫС ЖҰМЫСЫНА «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ БІЛІМ БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.

Кеңеске қатысушыларға «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева өзінің бейнежолдауын арнап, ұстаз – мейірімділік пен ізгіліктің жаршысы екенін атап өтті. Педагогтардың қажымас рухани ізденісінің, ойлары мен идеяларының, оның сенімділігі мен табандылығының арқасында өмірлік маңызды жоспар - балаларды адамгершілікке және рухани тәрбиелеуге жол ашылды.

«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту жағдайы және мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, ТжКБ-да педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице - министрі Каринова Шолпан Таңатқызы баяндады.

Жоғары оқу орындарында өзін-өзі тану пәнін оқыту жағдайы және жоғары оқу орындарынының педагог кадрларының біліктілігін арттыру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Тойбаев Әділет Жүнісұлы баяндады.

«Бөбек» ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры Сакенова Елена Николаевна білім беру ұйымдарында жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие мен оқыту жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері туралы айтып өтті.

Қазіргі таңда өзін-өзі тану пәнінің тарихи негіздерін, оның психологиялық, педагогикалық, философиялық аспектілерін ұғынудың маңызы зор. Ал өзін-өзі тану жоғары білім беру жүйесіндегі әрбір білім алушының құнды бағдарына айналуы үшін, бұл пән ұжымның, университет басшылығының өзекті міндеттерінің бірі ретінде қарастырылуы қажеттігін Оңтүстік Қазақстан М.Ауезова атындағы университет ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы өз баяндамасында атап өтті.

Сондай-ақ, кездесу барысында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларының басшыларының ақпараттары тыңдалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов білім беру ортасының маңызды құрамдас бөлігі – оқу кабинеттерін жабдықтау болып табылатынын, өзін-өзі тану пәнін оқыту сапасын қамтамасыз етуде оқулықтар маңызды рөл атқаратынын және әрбір адамға өзінің мақсатын түсінуге, отбасындағы, ұжымдағы, қоғамдағы, жаңа жағдайдағы, жаңа деңгейдегі өз рөлін ұғынуға мүмкіндік беретін осы бағдарламаның дамуы мен ілгерілеуі үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша ұсынымдар берілді.