ҚР БҒМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ЖЫЛ БОЙЫ АЙ САЙЫН ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫН ӨТКІЗУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

ҚР БҒМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ЖЫЛ БОЙЫ АЙ САЙЫН ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫН ӨТКІЗУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ОҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН АЛМАСУ, ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ МАҚСАТЫНДА ҚР БҒМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ЖЫЛ БОЙЫ АЙ САЙЫН ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫН ӨТКІЗУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫР.

А.ж. 27 сәуірінде ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің онлайн алаңында білім беру ұйымдарының педагог-психологтары мен әдістемелік кабинеттердің мамандары үшін «Психологиялық қызметтердің жұмысын жетілдіру: тәжірибе мен перспективалар» атты оқыту онлайн семинары өткізілді.
Оқыту онлайн семинарында еліміздің 5 өңірінде (Ақмола, Атырау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан обл., Нұр-Сұлтан қ.) өз жобасын іске асыратын «Bilim Foundation» ҚҚ қызметінің тәжірибесі таныстырылды.

«Bilim Foundation» ҚҚ атқарушы директоры Ж.А. Досжанова республиканың 5 өңірінде кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

«Bilim Foundation» ҚҚпсихолог-үйлестірушісі Р.С. Альжанова өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу практикасындағы кейс әдіс және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды анықтау бойынша жұмыстың практикалық әдістері туралы айтып берді.

Психология ғылымдарының докторы, Еуразия гуманитарлық институтының профессоры А.Т. Изакова ата-ана мен бала қарым-қатынасының маңыздылығы және ата-ананың бала тәрбиесіндегі ерекше рөлі туралы айтып берді.

Кеңесті қорытындылай келе, ҚР БҒМ БҚҚК төрағасы Е. Н.Иманғалиев білім беру ұйымдарының, психологиялық қызметтердің педагог-психологтарының қызметін күшейту мен жетілдірудің және балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан осы бағыттағы жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.