АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕ РЕЖИМДЕ ҰСТАЙТЫН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРДЕЛЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕ РЕЖИМДЕ ҰСТАЙТЫН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРДЕЛЕУ  ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2021 ЖЫЛҒЫ 23 СӘУІРДЕ «АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕ РЕЖИМДЕ ҰСТАЙТЫН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРДЕЛЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ.

Онлайн семинар барысында осы ұйымдардың қызметіне жүргізілген мониторингтің қорытындылары шығарылып, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласындағы құқық бұзушылық бойынша өзекті проблемалар талқыланды, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша тиімді шараларды анықтау және қабылдау үшін бірлескен іс-қимылдарға талдау жасалды.

Онлайн кеңестің қорытындысы бойынша девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту бойынша проблемаларды шешу жолдары мен ұсынымдар әзірленді.