ҚАҚТЫҒЫС АЙМАҒЫНАН ҚАЙТАРЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ОҢАЛТУ ШАРАЛАРЫН КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОҚЫТУ ОНЛАЙН СЕМИНАРЫ

ҚАҚТЫҒЫС АЙМАҒЫНАН ҚАЙТАРЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ОҢАЛТУ ШАРАЛАРЫН КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОҚЫТУ ОНЛАЙН СЕМИНАРЫ

2021 ЖЫЛҒЫ 24 АҚПАНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ҚАҚТЫҒЫС АЙМАҒЫНАН ҚАЙТАРЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ОҢАЛТУ ШАРАЛАРЫН КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОҚЫТУ ОНЛАЙН СЕМИНАРЫН ӨТКІЗДІ.
Семинар жұмысын Комитет төрағасы Есенғазы Нұртөлеуұлы Иманғалиев кіріспе сөзімен ашты.
Семинарда Комитет төрағасының орынбасары Юлия Руслановна Овечкина білім басқармаларының балаларды әлеуметтік оңалту мәселелерін ұйымдастыруын бағалауға толығырақ тоқталды.
Комитет төрағасының орынбасары ай сайын білім басқармаларының өңірлік тәжірибесін зерделеу практикасын жалғастыру қажеттілігі туралы мәлімдеп, келесі семинарға Қарағанды облысының тәжірибесін зерделеуді ұсынды.
Семинар жұмысына «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ психологиялық қызметінің басшысы Наурызбаева Шынар Мұхамбетқызы қосылды. Шынар Мұхамбетқызы өз сөзінде балалармен психологиялық жұмыстың өзекті аспектілерін атап өтті. Сондай-ақ «Ақниет» орталығының жұмыс тәжірибесін ұсынды.
Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы қақтығыс аймағынан оралған балалармен жұмысты жүргізудегі тәжірибесімен бөлісті. Білім басқармасының маманы М.Т. Сүлейменова өз сөзінде балалармен жұмыс жасауда оқу-тәрбие аспектісінің маңыздылығына тоқталып, бұл олардың шығармашылық әлеуетін іске асыруға және оқуда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
Семинарға білім басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлері, мектеп, балабақша психологтары, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагогтар мен тәрбиешілерден құралған жалпы саны 200-ге жуық адам қатысты.