«Бөбек» ҰҒПББСО Халықаралық форумы өтті.

«Бөбек» ҰҒПББСО Халықаралық форумы өтті.

2021 жылы 11 ақпанда «Бөбек» ҰҒПББСО тікелей эфирде «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік жолындағы миссия» тақырыбында Халықаралық форумы өтті.

Сондай-ақ, форумға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармаларының өкілдері, шетелдік серіктестер, ғалымдар, білім беру ұйымдарының жетекшілері мен өзін-өзі тану мұғалімдері, ата-аналар қауымдастығы, оқушылар мен студенттер қатысты.

Халықаралық форум Сара Алпысқызы Назарбаева туралы «Сүйіспеншілік нұрынан жаралған...» атты мерейтойлық фильммен басталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, «Бөбек» ҰҒПББСО Бас директоры Елена Сакенова және «Адамның үйлесімді дамуының Ұлттық институты» президентінің міндетін атқарушы Ирина Калачева құттықтау сөз сөйледі.

Елена Сакенова «Бөбек» деп аталатын үлкен үйде ақпан айы  - мереке, біздің орталықтың негізін қалаушы, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы және идеялық шабыттандырушысы Сара Алпысқызы Назарбаеваның мерейтойы екенін атап өтті.  Ол Сара Алпысқызының бастамасымен жүзеге асырылған «Өзін-өзі тану» бағдарламасы өзінің маңыздылығы бойынша уақыт талабына сай келетіндігін айтты. Бұл мәңгілік ақиқатқа негізделген: жақсырақ, мейірімді, жаны таза, әлемге және басқа адамдарға сүйіспеншілікпен қарау, олардың жақсылықтарын насихаттау, туған жерімізді жан-тәнімізбен сүю, өркендеуіне  қызмет ету. Бұл адамды Адам, Азамат, Тұлға ететін дүние.

2020 жылғы «Өзін-өзі тану» пәнінің үздік педагогы» республикалық байқауының жеңімпазы, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Маяковский атындағы мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Индира Тагиева еліміздің мыңнан астам өзін-өзі тану мұғалімдері, балалары мен ата-аналары атынан «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызына алғыс білдірді. Содан кейін ол Сара Алпысқызын «Асыл жүрек» марапатын табыстады.

Сонымен қатар, Елена Сакенова жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік білім беру саласындағы ерекше қызметтері үшін дәрігер Джумсаи мен Марианна Мейерге Сара Алпысқызы Назарбаеваның атынан «Асыл жүрек» марапатын табыстады.

Форум қатысушыларына «Өзін-өзі тану» балабақшасының тәрбиеленушілері мен гимназияның оқушылары, «Өзін-өзі тану»  гуманитарлық колледжінің студенттері «Қамажай» биін, «Свет и радость», «Золотое сердце», «Любовь настала», «Многолика дева Земля», «Мы вам желаем добра!» және «Душа, влюбленная в «Бөбек» әндерімен музыкалық бағдарламасын ұсынды.