Бүгін «Адамның үйлесімді дамуының Ұлттық институтының» салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Бүгін «Адамның үйлесімді дамуының Ұлттық институтының» салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Адамның үйлесімді дамуының Ұлттық институты жеке тұлғаның үйлесімді, интеллектуалды және рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуде және балалар мен жастарды адамгершілік-рухани тәрбиелеудің көшбасшысы болып табылады. Институттың негізгі миссиясы - «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы арқылы елдің адами әлеуетін дамытуға үлес қосу.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, мемлекет қайраткері, Абай атындағы ҚазҰПУ Директорлар кеңесінің төрайымы Гүлмира Исимбаева, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің кеңесшісі Раиса Шер, «Нұрсұлтан Назарбаев Білім беру Қоры» Қоғамдық Қоры директорының бірінші орынбасары Светлана Мурзабекова және «SOS Қазақстанның балалар ауылдары» корпоративтік қорының жетекшісі Гүлжан Асанова құттықтау сөз сөйледі.

 Қатысушылар назарына «Алтын жүрек анамыз» сурет көрмесі, Сара Алпысқызы Назарбаеваның жас ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге қосқан үлесі туралы бейнежазба және рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Назарбаева Сара Алпысқызының бейне үндеуі ұсынылды.

 Сонымен қатар, «Өзін-өзі тану» балабақшасы тәрбиеленушілерінің, гимназия оқушыларының  және «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжінің студенттері «Алтын жүрек», «Сізге бақыт тілейміз!» және басқа әндерімен мерекелік концерттік бағдарлама дайындады.