«Өзін-өзі тану: балаға арналған миссия»

«Өзін-өзі тану: балаға арналған миссия»

2020 жылдың 20 қарашасы күні, Білім және ғылым вице-министрі Бибигүл Амангелдіқызы Асылованың басшылығымен, ZOOM платформасында «Өзін-өзі тану: балаға арналған миссия» тақырыбында Халықаралық форум өтті.

Форумның тақырыбы «Өзін-өзі тану: балаға арналған миссия» деп бекер атанбаған, өйткені Сара Алпысқызы Назарбаева, көп жылдар бойы, балалықшақты қорғау, балаларды тәрбиелеу, оқыту және сауықтыру бойынша, жетімдікпен күрес және отбасыны нығайтуға көмектесу бойынша ұлттық стратегияны қалыптастыру бойынша зор миссияны аналық қамқорлықпен орындап келеді. «Адамдарға қызмет ету, әсіресе бақытсыз балаларға қызмет ету – ізгі борыш, әркім, өз күшіне әрі мүмкіншілігіне қарай, бір-біріне көмектесу керек. Ең бастысы – ол көмек жүрегіңнен, Махаббатпен болуы тиіс!», - деп айтқан Сара Алпысқызы.

Форум жұмысына ҚР БжҒМ-нің және аймақтық білім басқармаларының өкілдері, «Бөбек» ҰҒББСО-ның қызметкерлері, шетелдік серіктестер, ғалымдар, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері, ата-аналар мен студенттер қатысты.
«Бөбек» ҰҒББСО-ның бас директоры Елена Николаевна Сәкенова өз сөзінде форум қарашаның 20-сы күні өтіп жатқаны бекер емес, дәл осы күні БҰҰ Бас Ассамлеясы балалар құқығы Декларациясын қабылдаған еді. Бұл күн дүниежүзіндегі балалардың амандығын қамтамасыз етуге бағытталған, халықтардың ынтымақтастығы күні деп белгіленгенін айтты. Сонымен қатар, ол Сара Алпысқызы Назарбаеваның жүрегінің табиғи даналығы мен тағдырының дара емес жолы адамдарға көмектесу, қамқорлықпен айналысу өмірлік миссиясы екенін ерте сезінгенін айтты. Бақытсыз, аналық мейірімсіз және үйдің жылулығысыз қалған балаларға көмектесу үшін құрылған «Бөбек» Балалар қоры ізгі істердің алғашқы буыны болды.

Әрі қарай Елена Сәкенова, Сара Алпысқызының бастамасымен, ҚР БжҒМ-нің құрылымында Балалар құқығын қорғау Комитеті құрылғаны туралы, отбасылық түрдегі ауылдар мен Жасөспірімдер үйінің ашылғаны туралы және «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы туралы мәлімдеді.

Содан кейін, қатысушылар назарына Сара Алпысовна Назарбаеваның алғы сөзі мен бейне дәрісі ұсынылады.
Сондай-ақ, Ресейден, Әзірбайжаннан, Тайландтан, Дания, Дагестаннан қосылған шетелдік қонақтар-ниеттестер, сонымен қатар, еліміздің түпкір-түпкірінен отандастарымыз сөз сөйледі.

Халықаралық форумның барысында еліміздің ең үздік педагогтеріне Сара Алпысқызы Назарбаеваның Алғыстары табысталады.