«Балалардың білім алу құқығы: пандемия кезіндегі өзектілік, сабақтастық және инновация» атты Халықаралық веб-форум

«Балалардың білім алу құқығы: пандемия кезіндегі өзектілік, сабақтастық және инновация» атты Халықаралық веб-форум

2020 жылғы 19 қарашада Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай «Балалардың білім алу құқығы: пандемия кезіндегі өзектілік, сабақтастық және инновация» атты Халықаралық веб-форум өтті.

Аталмыш ​ бейнеконференцияны ұйымдастырушы - Өзбекстан Республикасы, модератор - сыртқы істер министрінің орынбасары Шерзод АСАДОВ.

Балалардың құқықтары жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұлттық адам құқықтары институттары өкілдерінің, әлемнің әртүрлі елдеріндегі балалардың құқықтары жөніндегі уәкілдердің қатысуымен өткен өзекті халықаралық диалог алаңы COVID-19 пандемиясының әсерін, дәстүрлі білім беру жүйесін өзгерту және білім беру инновацияларын енгізу, балалардың сапалы білім алу құқығын сақтау мәселелерін көтеруге мүмкіндік берді.

Қатысушылардың қатарында Женевадағы БҰҰ кеңсесінің бас директоры БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Татьяна ВАЛОВАЯ, БҰҰ-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивті дипломатия аймақтық орталығының басшысы Наталья ГЕРМАН, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Афшан ХАН, Бүкілқытайлық халық жиналысы тұрақты комитеті төрағасының орынбасары, Бүкілқытайлық әйелдер федерациясының төрағасы Шэн ЮЭЮЭ, Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Питер БУРИАН, мүмкіндігі шектеулі және бейімделген білім беру және жастарды оқыту саласындағы Францияның Жоғары ұлттық институтының директоры Жак МИКУЛОВИК, Түркияның ұлттық білім министрінің кеңесшісі, Хаджи Беташи Вели университетінің проректоры Хажи Беташи Вели Мустафа ЧОЛАКОГЛУ және т.б.

Халықаралық шараға Қазақстан Республикасынан Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова қатысты.

Қазақстан Республикасы балалардың әлеуметтік дамуының халықаралық стандарттарын барынша сақтауға әзір.

Халықаралық жүйенің бөлігі ретінде жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі серіктестікті нығайтуға дайын.