Жиын барысында Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуге дайындық пен балалар үйлері жанындағы қамқоршылық кеңестердің қызметі мәселелері талқыланды.

Жиын барысында Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуге дайындық пен балалар үйлері жанындағы қамқоршылық кеңестердің қызметі мәселелері талқыланды.

БҮГІН ҚР БҒМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ Б.АСЫЛОВАНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ЖЕТІМ ЖӘНЕ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕЗЕКТІ ЖИЫН ӨТКІЗДІ.

         Жиын барысында Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуге дайындық пен балалар үйлері жанындағы қамқоршылық кеңестердің қызметі мәселелері талқыланды.

         Қазақстан Республикасында балаларға қамқорлық жасау мемлекет қызметінің басым бағыты болып табылады. Дүниежүзілік балалар күні балаларға лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етудің, оларды қорғаудың, тәрбие берудің және жан-жақты қолдау мен көмек көрсетудің қаншалықты маңызды екенін көрсетуге бағытталған.

         Аталған қолдау мен қамқорлықты балалық шақтың нағыз достары - интернаттық ұйымдар жанындағы қамқоршылық кеңестердің мүшелері көрсетеді.

Атырау облысы отбасылық үлгідегі балалар ауылы қамқоршылық кеңесінің төрайымы Нұрлы Тельманқызы Айтиева және Жамбыл облысындағы өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы  кеңесінің төрайымы Айман Садыққызы Садықова тәрбиеленушілердің өз өмірлерінен алған ерекше рөлін атап өтті.

Сондай-ақ, жиынға республикалық көшбасшылар кеңесінің мүшелігіндегі балалар да қатысты. Олар Кеңестің мақсаттары мен міндеттері туралы, сондай-ақ интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері арасындағы «Сен мықтысың! Сен жұлдызсың!» байқауларының жүзеге асыруына тоқталды.