Елімізде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың қызметіне қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Қазіргі уақытта өңірлердегі комиссиялар жаңартылған тәртіп бойынша жұмысы жасауда. Құжат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 30 желтоқсанда қол қойған "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" Заңды іске асыру мақсатында 2026 жылғы 30 наурызда қабылданды.