«Ұлттық құндылықтар негізінде заттық дамытушы орталықтарда оқыту мен тәрбиелеу» тақырыбында облыстық семинар өтті.

«Ұлттық құндылықтар негізінде заттық дамытушы орталықтарда оқыту мен тәрбиелеу» тақырыбында облыстық семинар өтті.

   2025 жылдың 14 мамыр күні Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «Аягөз қалалық № 1 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК да Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы» КММ-ның жоспарына сәйкес «Ұлттық құндылықтар негізінде заттық дамытушы орталықтарда оқыту мен тәрбиелеу» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарды аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Т.Азимбаев, «Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы» КММ мектепке дейінгі, мектепалды даярлық және бастауыш білім беру бөлімінің басшысы А.Ж.Жумагулова алғы сөзбен ашты.
Семинарды балабақша бүлдіршіндерінің «Адам болам десеңіз..» атты тақырыптық қойылымы жалғады.
   Тәжірибелік бөлімде қатысушылар топтарға бөлініп балабақша педагогтерінің заттық – дамытушы орталықтардағы ұйымдастырылған іс-әрекеттеріне қатысты.
Ортаңғы топ тәрбиешісі А. С.Оразаева «Отбасы- ұлағат ұясы» атты тәрбие сағатын, мектепалды тобының тәрбиешісі М. Б. Нурбекова «Телевидение» сюжеттік-ролдік ойынын, мектепалды тобының тәрбиешісі Ж.И. Канафьева «Тастар сыры» атты ұйымдастырылған іс-әрекетін, дефектолог Г. С. Рамазанова ерекше білімді қажет ететін балалармен «Сиқырлы картаның құпиялары» квест ойынын, ересек топ тәрбиешісі Н. Ж.Ажыбаева «Жел қалай пайда болады?» зерттеу іс- әрекетін, музыка жетекшісі А. А. Матимбаева ересек топпен «Көңілді ноталар» ойын әрекетін көрсетсе, әдіскер М. С. Камбаева консультативтік пункт жұмысы туралы,
«Аягөз қалалық №1 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ даярлық топ тәрбиешісі Н. А. Меделбековна «Ойын арқылы оқыту: балабақша мен мектептегі сабақтастық» тақырыбына мастер- класс, «Аягөз қалалық №9 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі К. К. Каймолдина «Готовимся к школе: уверенный старт первоклассника» атты коучинг өткізді.

   Балабақша меңгерушісі Ж.А.Сеитжапарова балабақша меңгерушілеріне «Мектепке дейінгі ұйымды басқарудың жаңашылдығы» таныстырылымын жасады.
Тәрбиешілер Б.С.Желдыбаева, Л.Е.Ислямова қатысушы педагогтерге «Макраме элементтері» атты мастер- класс көрсетті. Балабақша тәрбиеленушілері дәліздерде орналасқан дамытушы орталықтарды таныстырды.
   Келген қонақтар өсу нүктесі болып табылатын «Алтын сақа» жекеменшік балабақшасына саяхат жасады.