"Еңбегі адал жас өрен" жобасы

"Еңбегі адал жас өрен" жобасы

     Абай облысы білім басқармасы Аягөз ауданы білім бөлімінің "№ 8 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің 9,11 сынып оқушылары "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында "KazMineralsAktogay"ЖШС-нің ұйымдастыруымен оқушыларға кәсіптік бағыттағы танымдық экскурсия өткізді. Мақсаты: - Оқушыларды заманауи өндіріспен және оның даму перспективаларымен таныстыру. - Өндірістік кәсіптер туралы түсініктерін кеңейту, оларға деген қызығушылықтарын ояту.  - Технологиялық процестермен, ұйымдастырумен және еңбек жағдайларымен танысу.  - Болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беру. Экскурсия барысында оқушылар компанияның технологиялық үдерістерімен танысты. Компания директоры Энтони Тодд мырзамен кездесу өтіп, қызықты сұхбат жүргізді. Оқушылар өте жақсы көңіл-күймен қайтты. Оқушыларға экскурсия ұйымдастырған KazMineralsAktogay" ЖШС-не алғысымызды білдіреміз.