2025 жылдын 13 мамыр күні облыстық асық федерациясының және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруларымен «№4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі»КММ-де Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына арналған асық атудан және бес тас ойынынан 2012-2014 ж.т жасөспірімдер арасындағы облыстық жарыс өткізілді. Мектеп ауласында ұлттық ойындарды насихаттап, оқушылар өнерлерін ортаға салып, ойындарды көрермендерге көрсетсе,ұстаздар әсем әнмен шашу шашты.Ашылу салтанаты мәжіліс залында бастау алып,аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Азимбаев, облыстық асық федерациясының президенті Н.Бағдатов қатысушыларға ақ жол тілеп,сәттілік тіледі.
Мектептің ұстаздары,жас әртістері өлең айтып, би билеп,ойыншыларға, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жарыстың бас төрешісі Е.Шумаков жарыстың өту тәртібімен таныстырды. Ұйымдастырылған жарыста ойыншылар бар білгендерін ортаға салды. Оқушылардың асық ойынына деген қызығушылығын аңғаруға болады. Жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықтала бастады. Асық атудан, бес тастан ауданымыздың оқушылары жақсы өнер көрсете білді.Жарыс қорытындысы бойынша алдына жан салмай,Жангелді Сабыр 2-сақа бойынша І орын,Ертайұлы Нұрислам 3-сақа бойынша І орын, Акешов Айтөре 2-сақа бойынша ІІ орын иеленді.
Бес тас жарысында жақсы ойын көрсетіп,ІІ орынды "№10 қазақ мектеп гимназиясы"КММ-ң 4 сынып оқушысы Айару Замангелді иеленді. Жетекшілері ЕрланШумаков пен Гулбану Жумабекованы және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Жүлделі орыннан көрінген оқушыларымыз облыстық асық федерациясының мақтау қағаздарымен, медальдарымен марапатталды.