"Жас маманның ізденісі - сапалы білім кепілі"

"Жас маманның ізденісі - сапалы білім кепілі"

    2025 жылдың 24 - сәуір күні Аягөз аудандық оқу, ғылыми,  ұйымдастырушылық әдістемелік кабинетінің математика пәні әдіскері К. А. Тусипованың және математика пәні қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес  "Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі" КММ -де "Жас маманның ізденісі - сапалы білім кепілі" атты аудандық  жас мамандар семинары өтті. Семинар мақсаты: жас мамандардың кәсіби құлшынысы арттыру, топпен жұмыс жасауға бейімдеу, жігерлендіру.

   Семинар барысында "Тарбағатай  жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ математика пәні мұғалімі Берікова Жансұлу  Берікқызы  6 "А" сыныбында "Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер " тақырыбында және "№4 жалпы орта білім беретін аралас  мектебі" КММ  математика пәні мұғалімі Қапасов Досжан Қахарманұлы  5 "А" сыныбында "Бұрыш" тақырыбында ашық сабақ өткізді.