
2025 жылдың 27 сәуір күні аудандық білім бөлімі және ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруларымен қаламыздың орталық көшелерінде өтетін 12 этаптан тұратын ағайынды Измайловтар атындағы жеңілатлетикалық эстафета жарысы өтті. Биылғы жылы жарыстың өтуіне ат салысқан № 7 орта мектебінің ұжымы жарыстың жоғарғы дәрежеде өтуіне көп еңбек етті. Жарыс жолдары жақсы дайындалды.
Ашылуында білім бөлімінің әдіскері С.Қыржыбаев,№7орта мектебінің директоры Г.Ержігітова қатысушыларға ақ тілектерін жеткізіп,сәттілік тіледі.
Мектеп оқушылары әнмен, бимен шашу шашты. Аягөз АПБ қызметкерлері,Аягөз АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы полиция майоры Е.Ж.Искаков бастаған ұжым қызметкерлері,Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ КМКАягөз өңірінің 62 бригада фельдшері Абдильдинова Раушан және жүргізушісі Жексенбайұлы Мейрам оқушылардың жарыс жолындағы өмір қауіпсіздігін қадағалап, жарыстың өтуіне ат салысты. Алғысымыз шекісіз!
Жарыс ұлдар арасында жеке,қыздар арасында жеке өткізілді... Мықтының мықтысын айт демекші, жүлдегерлер қатарынан көрінген командалар суырылып алға шыға бастады.
Ұлдар арасында алдына жан салмай,І орынды №5 орта мектебі командасы иеленсе, ІІ орынды көпбейінді қазақ мектеп гимназия командасы,ІІІ орынды Д.Бабатайұлы атындағы орта мектебінің командасы иеленді.Қыздар арасында І орынды ешкімге дес бермей, көпбейінді қазақ мектеп гимназия командасы иеленді, ІІ орынды № 5 орта мектебінің командасы,ІІІ орынды Д.Бабатайұлы атындағы орта мектебінің командасы иеленді.
Жетекшілерін, оқушыларды құттықтаймыз! Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің кубоктарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.