«Алаш сақасы» облыстық турнирі

«Алаш сақасы» облыстық турнирі

     «Respublika» партиясы  ұлттық құндылықтарымызды қолдау мақсатында,Ұлттық ойынымыз Асық атуды дамыту  мақсатында, Ақсуат ауданында ересектер арасында «Алаш сақасы» облыстық турнирі өтті.

      Аягөз  ауданынан «Қалалық қазақ мектеп лицейі» КММ- дене шынықтыру пәні мұғалімі А.Тлеубергеннің  жетекшілігімен дене шынықтыру пәні мұғалімі Е.Орынғожин(№1 орта мектебі) мен АӘТД жетекшісі Р.Амангелді (Қалалық қазақ мектеп гимназиясы) қатысып, жақсы ыөнер көрсете білді. Ақтық ойындарға бір табан жетпегенімен, қоржындарына көптеп тәжірибе жинап қайтты. Жеңістер  алда!