Асық ату және бес тас ойынынан 2012-2014 ж .т жасөспірімдер арасындағы іріктеу аудандық жарыс

Асық ату және бес тас ойынынан 2012-2014 ж .т жасөспірімдер арасындағы іріктеу аудандық жарыс

    2025 жылдын 19 сәуір  күні  білім бөлімі мен аудан әкімдігінің жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруларымен «№5 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ-де  Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына  арналған асық атудан және бес тас ойынынан 2012-2014 ж.т жасөспірімдер арасындағы аудандық  іріктеу жарыс өткізілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер  2025 жылдың 12-14 мамыр  аралығында  Аягөз  қаласында бастау алатын Абай облысының Чемпионатына жолдама алды. Асық атудан "№5 жалпы орта  білім  беретін  мектебі "КММ- үш оқушысы жолдама  алып қойған болатын. Аягөз-2 құрама командаға ілігу үшін  ұйымдас-тырылған жарыста ойыншылар бар білгендерін ортаға салды. Оқушылардың асық ойынына деген қызығушылығын аңғаруға болады. Жүлдегерлер мен жеңімппздар анықтала бастады. Жарыс қорытындысы  бойынша асық атудан І орынды "Қалалық қазақ мектеп лицейі"КММ"-і командасының ойыншысы  Тлекхан Бексұлтан иеленсе,ІІ орынды " Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін № 6 мектебі" КММ-ң  ойыншысы Жұматай Шыңғыс, ІІІ орынды " № 5  жалпы  білім беретін орта мектебі" КММ-ң  ойыншысы  Оралғазы Нурали иеленді.

    Бес тас жарысында І орынды "Қалалық көпбейінді қазақ-мектеп гимназиясы" КММ-ң оқушысы Іңкәр Тлеусерік  иеленсе, ІІ орынды "№10 қазақ мектеп  гимназиясы" КММ-ң  ойыншысы  Ордабай Аяла, ІІІ  орынды "№10 қазақ мектеп- гимназиясы" КММ-ң ойыншысы Сейсағатова Айым иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер  Аягөз қаласында  асық ату мен бес тастан өтетін Абай облысының Чемпионатына жолдама алып, аудан әкімдігінің жастар  орталығының мақтау қағаздарымен, медальдарымен марапатталды.   Құттықтаймыз!