
Абай облысының әкімі жұмыс сапарымен Аягөз ауданына барды. Аймақ басшысы Ақтоғай және Қопа ауылдарындағы әлеуметтік инфрақұрылыммен танысып, Ақтоғай кен орнына барды.
Аудандағы ірі елді мекендердің бірі – Ақтоғай ауылында екі мектеп орналасқан. Солардың бірі – 1961 жылы пайдалануға берілген жалпы орта білім беру мекемесі. Бүгінде бұл мектепте 423 оқушы оқып, 110 мұғалім еңбек етеді.
Білім ошағының басты мәселесі – оқушы санының артуы. Жобалық қуаты 220 орынға есептелген мектепке қазір одан екі есе көп бала барады. Осыған байланысты 240 орындық қосымша ғимарат салу қажеттілігі туындап отыр.
Аймақ әкімі білім беру сапасын арттыру үшін инфрақұрылымдық қажеттіліктер ескерілетінін айтып, аудан әкімдігіне тиісті жобалық-сметалық құжаттарды дайындауды тапсырды.