Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына арналған 10 жасқа дейінгі оқушылар арасындағы аудандық шахмат жарысы

Ұлы  Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына  арналған 10 жасқа  дейінгі оқушылар  арасындағы  аудандық шахмат жарысы

          2025 жылдың 3-4 сәуір аралығында білім бөлімі  мен аудан  әкімдігінің жастар ресурстық орталығының  ұйымдастыруларымен «№9 бастауыш аралас мектебі»КММ-і мен "Жас техниктер станциясы"КММ-де Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына арналған 10 жасқа  дейінгі оқушылар  арасындағы шахматтан аудандық жарыс өткізілді.Ашылу  салтанатында «№9 бастауыш аралас мектебі»КММ-ң оқушылары өз  өнерлерін  ортаға  салып, ұстаз Қ.Бижуманов шахмат жайлы өлең шығарып,оқушысымен бірге өнерлерін көрермендерге ұсынды. Аудан  әкімдігінің жастар ресурстық орталығы басшысының м.а Ғ.Мамутов, білім бөлімінің әдіскері С.Қыржыбаев қатысушыларға жақсы ойын,сәттілік тіледі. Ашылу  салтанаты қатысушыларға көтеріңкі  көңіл –күй сыйлады.  Ойындар "Жас техниктер станциясы"КММ-де жалғасын  тапты.  Шиеленіскен ойындардың нәтижесінде, ұлдар арасында І орынды Ғалымбек Ануар (№9 мектеп), ІІ орынды Нұрлан Арсен (№4 мектеп),ІІІ орынды Тоқтарғалиев Абдысалық (№3 мектеп), Серік Ислам (№10 мектеп) иеленді.

          Қыздар арасында І орынды Есенсары Аяулым (Ақши), ІІ орынды Жанарбекова Ақмарал (Гимназия), ІІІ орынды Қайса Қазына (Ақши), Рамазан Ажар (Ғаббасов) иеленді.

          Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан  әкімдігінің жастар ресурстық орталығы басшысының м.а Ғ.Мамутовтың медальдарымен,мақтау  қағаздарымен және белсене  қатысып,жақсы өнер  көрсеткен  оқушылар мақтау  қағаздармен,оқушыларды жақсы  дайындаған ұстаздар алғыс хаттармен марапатталды.